Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нысанды іске қосады

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нысанды іске қосады

Астанада жалпыұлттық телекөпір басталды. Аталмыш шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. ЕХРО Конгресс-орталығындағы шара «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атауымен өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Индустрияландырудың екінші бесжылдығының төртінші жылы аяқталуға жақын. Биыл жалпы құны 1,2 триллион теңге болатын жүзден астам нысан іске қосылып, 13 мың жұмыс орны ашылды. Еліміздегі индустриалды серпіннің арқасында халықтың өмір сүру сапасы артты. Жаңа жұмыс орындары, заманауи инфрақұрылым, цифрлық қызметтер мен сервистер ашылды.
Қазіргі уақытта Астанамен бүгін іске қосылатын барлық индустриялық жобалардың 7 мың жұмысшысы тікелей байланысқа шыққан. Жалпы бүгінгі телекөпірге еліміздің барлық аумағынан 28 кәсіпорын қосылады деп күтілуде.
Бұдан басқа, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық көрме-конкурсының, «Парыз-2018» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау шарасы да өтеді.
Шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың басшылары, әкімдер, ҚР Парламент депутаттары, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, саяси партиялардың жетекшілері, қоғамдық бірлестік өкілдері, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, өткен жылғы конкурстардың лауреаттары, 2018 жылғы сыйлықтардың номинанттары мен лауреаттары қатысуда.

11 желтоқсан 2018 ж. 485 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области