Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан ірі көлемде түйе және бие сүтін экспортқа шығаруда

Қазақстан ірі көлемде түйе және бие сүтін экспортқа шығаруда

Бүгін Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясындағы жалпы ұлттық телекөпір барысында түйе және бие сүтін экспортқа шығаруға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Елбасы! Біздің кәсіпорын түйе және бие сүтін ұнтақ күйінде өндіретін Қазақстандағы жалғыз жоба. Өнімнің 90 пайызы шетелге экспортталатын болады. Жоба Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында мал басын көбейтіп, түйе шаруашылығының дамуына септігін тигізеді. Біздің жоба - Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді серіктестіктің дәлелі. Қадірлі Елбасы, инвесторларға көрсеткен қолдауыңыз үшін Сізге алғыс білдіріп, зауытымыздың экспорттық өнімдерін жөнелтуге рұқсат беріңіз!», - деді «Golden Camel Group LTD» ЖШС зауытының директоры Янг Джи.
Сонымен қатар, телекөпір барысында «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС директоры Александр Вязников іске асырылған зауытты таныстырды.
«Біздің жоба трансұлттық Mareven Food Holdings тарапынан жүзеге асырылуда. Оның акционерлері 70-тен астам елде табысты жұмыс істеп жатыр. Ұн өндіру мен азық-түлік өнімдеріне негізделген зауыт қысқа мерзімде салынды. Зауытта 500-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Біздегі өнімнің 80 пайызы Қытайға, Иранға, Ауғанстанға және Орталық Азия елдеріне экспортталады», - деді Александр Вязников.

11 желтоқсан 2018 ж. 423 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области