Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаш тұрғыны біреудің құжаттарын пайдаланып, өзіне несие рәсімдеген

Жалағаш тұрғыны біреудің құжаттарын пайдаланып, өзіне несие рәсімдеген

Жалағаш тұрғыны біреудің құжаттарын пайдаланып, өзіне несие рәсімдеген, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық соттың мәліметінше, сотталушы танысына өзінің банкоматтық корточкасының бұғатталып қалғанын айтып, банкомат карточкасы мен жеке куәлігін алдап сұрап алады.
«Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, айлық жалақысын аударып алу үшін жеке куәлігіндегі ЖСН және банкомат карточкасының 16 цифрлық сандарын алады. Сосын ғаламтор желісі арқылы шағын несиені рәсімдеген. Заң бұзушылық әрекетімен жәбірленушіге 100 000 теңге көлемінде зиян келтірген», – дейді аудандық соттың баспасөз қызметі.
Сот отырысында сотталушы кінәні толық мойындады.
Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
12 желтоқсан 2018 ж. 526 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области