Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңыр қаласының аумағы тәулік бойы видебақылаумен қамтылған

Байқоңыр қаласының аумағы тәулік бойы видебақылаумен қамтылған

Байқоңыр қаласының периметрі бойынша орнатылған 132 видеобақылау таспасы тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қала периметрін видеобақылау бөлімі Байқоңыр қаласы әкімшілігінің бұйрығымен 2018 жылдың қазан айында «БайқоңырБайланысИнформ» кәсіпорнында құрылған.
Видеобақылау бөлімінің басшысы Юрий Лукавский бөлімнің басты міндеті - периметр бойынша тәулік бойы видеобақылау жүргізу, құқықбұзушылықтарды тіркеу және олар туралы полицияға шұғыл хабарлау екенін айтып берді.
«Бөлім жұмыс істеген екі айдың ішінде периметр қоршауын бұзудың 10 әрекеті және кабельді ұрлаудың жолы кесілді. Видеоматериалдар «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей ІІМБ-ға жіберіледі», - деп атап өтті Ю.Лукавский.

Қала әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде видеобақылау бөлімінің «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей ІІМБ-мен және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігімен жұмыс алгоритмін келісу процесі жүргізілуде.
Қала периметрін тәулік бойы видеобақылау және құқық бұзушылықтарды жедел елеу қалаға заңсыз кірудің алдын алып, Байқоңыр аумағындағы қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі болып табылатын Байқоңыр қаласы, сонымен қатар ғарыш кешенін жалға алу жағдайында Ресей Федерациясының құзыретінде және федералдық маңызы бар қала мәртебесіне ие.

13 желтоқсан 2018 ж. 367 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области