Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 3 әкім мен 3 министр Елбасы қолынан орден алды

3 әкім мен 3 министр Елбасы қолынан орден алды

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 3 әкімге «Парасат» орденін және 2 министрге «Құрмет» орденін және 1 министрге "Құрмет" орденін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Парасат» ордені Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловқа, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжановқа, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогокалық университеті» РМК ректоры Такир Балықбаевқа, «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры Ерлан Бекхожинге, Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке, «Uniserv» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Сәтбек Нұрғазыға және Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа берілді.
Ал "Құрмет" орденімен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ оқытушысы Людмила Макарцева, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері Динара Тілендиева марапатталды.

14 желтоқсан 2018 ж. 452 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области