Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың АҚШ-та өтетін ән кешінде өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың АҚШ-та өтетін ән кешінде өнер көрсетеді

Қазақстанның әйгілі әншісі Димаш Құдайберген ресейлік танымал сазгер Игорь Крутойдың Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық кешінде ән шырқайды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Игорь Крутойдың 65 жасқа толуына орай келесі жылы қазанның 6-сында Бруклиндегі «Барклайс» орталығында мерейтойлық ән кеші өтеді.
Сазгердің шығармашылық кешінде Димаш Құдайбергеннен бөлек ресейлік жұлдыздар да өнер көрсетеді. Олардың қатарында Филипп Киркоров, Николай Басков, Валерий Ленонтьев, Ирина Алегрова, Алсу, A’Studio, Анжелика Варум, Ани Лорак, Дима Билан, Сергей Лазарев бар.
Сондай-ақ, Димаш Құдайберген 15-16 желтоқсанда Қытайдың Шанхай қаласында өтетін Silk Road Cohesion Awards 2018 кинофестивалінде өнер көрсететінін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген Қытайдың Хайнань қаласында өткен халықаралық кинофестивальде «Титаник» фильміндегі әнді орындап, жұртты таңдай қақтырған еді.


15 желтоқсан 2018 ж. 597 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области