Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Министр Жаңа жыл қарсаңындағы азық-түлік бағасы туралы айтты

Министр Жаңа жыл қарсаңындағы азық-түлік бағасы туралы айтты

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік пен өзге де тауар құнының өсуі мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инфляция 500-ден астам тауарға қатысты, яғни көкөніспен қатар, өнеркәсіптік тауарлар мен қызметтер қамтылып отыр. Олар бойынша қазір жағдай қалыпты. Атап айтқанда, тарифтерті төмендету бойынша іске асырылып жатқан Президент тапсырмасы тұрғысында инфляция 5-7 пайыз дәлізінде болады деп күтілуде», - деді министр Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда, ол сұраныстың артуы бағаның өсіміне алып келетінін де атап өтті.
«Бұл жағдай түсінікті, себебі біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Тауарға сұраныс артқан сайын, баға үнемі жоғарылай береді. Бұл тұрғыда қонақ үйлерде жаз кезінде басқа қалыптасса, қыста баға керсінше төмендейді. Осы жағдайлар нарықтың аясында қалыптасып отыр және оған дайын болу керек», - деді Тимур Сүлейменов.
Министрдің атап өтуінше, азық-түлікті арзан бағамен сату үшін мемлекет тиісті дүкендерді ашуды жоспарламайды.
«Егер де біз нарықтық жағдайда өмір сүргіміз келсе, онда біз оның оңтайлы тұстарымен қатар, бағаның өсуіне қатысты басқа да жақтарын қабылдауымыз керек. Қайталап айтамын, бұны министрлік те, Үкімет те істеп жатқан жоқ. Осы іс-қимылдар нарық субъектілеріне байланысты. Әрине, лимиттерді елемейтіндер байқалса, біз оларды монополияға қарсы реттеу тетіктері арқылы жазаға тартамыз», - деді ведомство басшысы.


19 желтоқсан 2018 ж. 518 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области