Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада азық-түліктің бағасы 1,1 пайызға өсті

Қызылордада азық-түліктің бағасы 1,1 пайызға өсті

Қызылорда облысында осы жылдың қараша айында тұтыну тауарлары бағасының индексі 100,9% құрады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.
Өткен айда баға азық-түлік тауарларына 1,1%, азық-түлік емес тауарларына - 1%, ақылы қызметтерге - 0,6%-ға жоғарылаған.
Азық-түлік тауарлар тобында қараша айында бағаның жоғарылауы жаңа жиналған көкөністерге 15,3%, жұмыртқаға - 5,4%, шикі сүтке - 3,9%, май және тоң майға - 2,3%, етке - 1,2%, жеміс және көкөніс шырындарына - 1%-ға байқалды. Бағаның төмендеуі қантқа - 2,1%, жемістерге - 0,7%, қарақұмық жармасына - 0,1% - ға тіркелген.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуге арналған материалдарға 3,6%, автокөлік құралдарын сатып алуға - 3,3%, жуғыш және тазалағыш құралдарына - 2,4%, фармацевтикалық өнімдеріне - 1,9%, киім және аяқ киімге - 1,2%-ды құрады. Дизель отыны 0,1%-ға қымбаттады, бензин 0,4%-ға арзандады. Бағаның төмендеуі саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға 12,7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениетке - 0,2%-ға тіркелді.
Сонымен қатар, ақылы қызмет көрсету тобында жолаушылар темір жол көлігіне 5,6%, тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеу бойынша қызметтерге - 3,3%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге - 3,2%, білім беруге - 0,4%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 1,6%-ға өсті.
06 желтоқсан 2018 ж. 456 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области