Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2018 жылдың қаңтар-қазанына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы

2018 жылдың қаңтар-қазанына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы


Есепті кезеңде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 65791 теңгені құрады және 2017 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда 6,8%-ға өскен. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 2,3%-ға өсімі кезіңде халықтың нақты ақшалай табыстары 2,0%-ға төмендеді.
Жұмыссыздар саны бағалау бойынша 17,0 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрап отыр. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны осы жылғы қыркүйектің соңына 8,0 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,3%.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың III тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 132829 теңгені құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы қазан 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 103,7% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 2,2%-ға, азық-түлік емес тауарларына – 4,5%-ға, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 4,7%-ға өсті.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 33,8%-ға жоғарылады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 193941 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға көбейген.
Осы уақытқа дейін тіркелген заңды тұлғалар саны 10572 бірлікті құрап отыр. Оның ішінде 10221 бірлік 100 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7578 құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 7227 бірлік.
Ал, «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,8%-ды құрды. Бөлшек сауда көлемі 211564,8 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 101,0% құрады (салыстырмалы бағада). Көтерме сауда көлемі 128100,7 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 103,0% құрады (салыстырмалы бағада).
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 764274,4 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2017 жылғы деңгейден 7,1% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 5,3%, өңдеу өнеркәсібінде 11,0% кемісе , электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда өсім 18,7% құрады.
Ағымдағы жылдың он айында ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 87841,7 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 1,3 % артық болды.
«Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,9%-ды құрды. Жүк айналымының көлемі 11178,3 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы қаңтар- қазанымен салыстырғанда 0,2% жоғары. Жолаушылар айналымының көлемі 5699,1 млн. жкм құрап, 8,1% артты.
15 қараша 2018 ж. 552 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области