Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Энергетика министрлігі электр энергиясының жаңартылған тарифін бекітті

Энергетика министрлігі электр энергиясының жаңартылған тарифін бекітті

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев электр энергиясының жаңартылған тарифін бекіту туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Электр энергиясының ұсынылған шекті тарифі бекітілсін. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру департаменті ҚР бекітілген заңнамасына сәйкес: осы бұйрықтың ҚР Әділет министрлігінде тіркелуін, осы бұйрық тіркелгеннен кейін 10 күнтізбелік күннің ішінде қазақ және орыс тілінде ресми түрде жариялап, ҚР НҚҚ Эталонды бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, аталмыш бұйрықты ҚР Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына жариялануын қамтамасыз етсін», - делінген министрдің бұйрығында.
Құжатта аталып өткендей, бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Еске сала кетсек, өткен айда Қазақстан Президенті энергия тарифіне қатысты мәселе алаңдаушылық тудырып отырғанын, табиғи монополия қызметінің тарифін белгілеу бойынша тәртіпті орнату туралы тапсырма бергенін айтқан еді.

20 желтоқсан 2018 ж. 560 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области