Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жыл атауларына жорамал

Жыл атауларына жорамал

Ит жылын шығарып салып, 2019-доңыз жылын да күтіп алдық. Бұл жылда бізді не күтіп тұр? Осы орайда қазақы жыл санауға мән беріп, келер жылдың қасиеттерін елеп-ескеріп, алдағы он екі айды болжайтынымыз бар. Қазақ әр жылда орын алған оқиғаларға байланысты әр жылдың иесіне қарап болжам жасаған.

Тышқан жылы
– береке мен ырыстың, татулық пен тыныштықтың жылы деп есептелінген. Бұл жылдың табиғи белгісі – су. Тышқан жылы туғандар тік мінезді, алғыр, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін жауапкершілігі мол жандар. Жаман қасиеттері: қызғаншақ, сатқын, кейде шыдамсыз, қырсықтау болып келеді.
Сиыр жылы – дау-жанжалдарға толы жыл. Тарихта ауыртпалық пен қиындықтар сиыр жылында көп болған. Сиыр жылы сәтсіздікке толы дейтін тіркес те жиі айтылып жатады. Ырым-нанымдарға сүйенер болсақ, сиыр жылы туғандар сол жылы сиыр малын бауыздамайды. Табиғи белгісі – су. Бұл жылы өмірге келгендер тұрақты, сабырлы, көшбасшылық қабілетке ие, еңбекқор болып келеді. Жаман қасиеті: талапшыл, қатал, қырсық, ашуланшақ болып келеді.
Барыс жылы – қиындығы мен қуанышы аралас жүретін жыл. Табиғи белгісі – ағаш. Барыс жылы туғандар жыл иесі секілді өте мықты, қажырлы, шынайы, жомарт болып келеді. Жаман қасиеті: тынымсыз, өз басын ойлап қалған өзімшілдеу.
Қоян жылы – қазақ халқында қоян жылы көбіне аштық, жұт, бейнетпен есте қалған деседі. Табиғи белгісі – ағаш. Бұл жылдың адамдары өте мейірімді, кешірімді, адал болып келеді. Кемшілігі: тым ерке, жалқаулау.
Ұлу жылы – өте жайлы, жұмсақ жыл болып есептеледі. Стихиялық белгісі – ағаш. Бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Кемшілігі: тез ренжігіш, қырсықтау келеді.
Жылан жылы – қазақта «Жылан жылы жылыс болды» дейтін мәтел бар. Демек, жайлы жыл болса керек. Табиғи белгісі – от. Терең ойшыл, дана, тұрақты, сенімді адамдар өмірге келеді екен. Кемшілігі: өте күмәншіл, суық, адамдардан тыс жүргенді жақсы көреді, жалғыздықты жаны сүйеді.
Жылқы жылы – бұл жыл туралы халықтың арғы-бергі аңыздары мен ертегі əңгімелерінде жайсыз əңгіме жоқ. Бұл жылы дүниеге келгендер шығармашылыққа бейім келеді екен. Ырымда бұл жылы туғандар жылқы бауыздамайды.
Қой жылы – қой жылында той көп болады деседі көреген халқымыз. Молшылық жылы саналады. Табиғи белгісі – от. Өте әділ, ұялшақ адамдар өмірге келеді екен. Кемшілігі: Тынымсыз, түңілгіш, аса сезімтал, еріксіз болып келеді.
Мешін жылы – халқымыздың пайымдауынша жайсыз жыл болып есептеледі. Стихиясы – металл. Аңғарымпаз, икемді, бәсекеге қабілетті,сыпайы адамдар осы жылы туылады екен. Кемшілігі: тым тәкаппар, өзінің қамын ойлайтын, күмәншіл адамдар болады.
Тауық жылы – бұл жыл да ауыр жылдардың қатарына жатады екен. Халқымыздың басынан тауық жылында көптеген келеңсіздіктер өткен. Белгісі – металл. Өте жинақы, жүйрік, мұқият, жауапкершілігі зор адамдар дүние есігін ашады екен. Кемшілігі: өте қызғаншақ, өзіне ғана сенетін болады.
Ит жылы – ит жылы ауыртпалықты артқа тастайтын болған. Өте жеңіл және сәтті жылдардың қатарына кіреді. Стихиясы – металл. Қарапайым, адал, сезімтал да салмақты адамдар өмірге келеді екен. Кемшілігі: еріншек, суық, дөрекі болып келеді.
Доңыз жылы – өте жайлы жыл болады екен. Стихиясы – су. Өте адал, шынайы, салмақты да ақылды болып келеді. Кемшілігі: біреуге тәуелді, аңғал, сенгіштік қасиеті басымырақ.
01 қаңтар 2019 ж. 1 110 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области