Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда Ұлы Отан соғысының 3 ардагері бар

Сырдарияда Ұлы Отан соғысының 3 ардагері бар

Бүгінде Сырдария ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, елге жеңіспен оралған және өңірдің өсіп-өркендеуі жолында жемісті еңбек еткен үш майдангер бар, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отан үшін отқа түсіп, жауға тойтарыс берген майдангерлер есімі Яхия Тасыров, Маханбет Бержанов және Дәуітбай Сақтағанов. Сырдариялық соғыс және еңбек ардагерлерінің барлығы бүгінде аудан орталығы Тереңөзек кентінде тұрады.
Аудан әкімі Ғани Қазантаев мереке күндері соғыс және еңбек құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Соғыс даласында елін жаудан азат етуге тер төккен майдангерлерге "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді.
Елге жеңіспен оралған қаһармандар ауданда ұйымдастырылатын іс-шаралардың құрметті қонағы болып, халыққа ақ баталарын беріп келеді.


04 қаңтар 2019 ж. 1 172 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области