Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тереңөзекте сән салоны ашылды

Тереңөзекте сән салоны ашылды

Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде «Dinaros» сән салоны ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұлулық салонының ашылуына Тереңөзек кентінің әкімі Н.Бисембаев пен кент тұрғындары қатысты.
Шарада кент әкімі Н.Бисембаев пен еңбек ардагері, ауданның «Құрметті азаматы» А.Бақтиярова сөз сөйлеп, сән салонының жұмысшыларына сәттілік тіледі.
"Жаппай кәсіпкерлікті қолдау" жылы аясында Сырдария ауданында көптеген шағын және орта бизнес нысандары ашылуда. Бұл кәсіпкерлік саласына бағытталып жатқан қолдаудың жемісі.
Айта кету керек, жаңадан ашылған сән салонында кәсіби білікті мамандар жұмыс жасайды. Олар бет әрлеу, шаш сәндеу, қас-кірпікті әсемдеу секілді қызметтерді көрсетеді.

12 желтоқсан 2018 ж. 673 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области