Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда жеке жұмыспен қамту агенттігі ашылды

Сырдарияда жеке жұмыспен қамту агенттігі ашылды

Сырдария ауданындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық кәсіпкерлер палатасы ғимаратынан жеке жұмыспен қамту агенттігі ашылды,-деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Аталған агенттік аудан тұрғындары мен жастарды Батыс өңірдегі «қара алтын» мұнай өндіретін көптеген компанияларға жұмысқа тұрғызумен айналысады.
Жеке жұмыспен қамту агенттігін ауданда ашып жатқан осы салада бай тәжірибесі бар, бүгінде зейнеткер Жамиға Іздібаева. Батыс өңірдің мұнай саласына жұмыс іздеушілер түйіндемені осы кісіге тапсырып, тиісті ақыл-кеңес ала алады. Агенттік жұмысын үйлестіретін «Ерсін» кадрлық агенттігінің өкілі А.Құдабаев өздерінің жұмысшыдан бастап, инженер-техник қызметкерлерге дейін жұмыс табуға көмектесетіндіктерін, мамандығы жоқтарға ақылы курс ұйымдастыратынын жеткізді. Бұл курс жергілікті жерде өтеді.
Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары «жұмысқа тұрғызамын» деп алдап ақша алатын алаяқтардың саны артып отыр. Бұл агенттік олардың «бизнесіне» тосқауыл қояды.

09 қаңтар 2019 ж. 388 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области