Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұстаздарға жеңілдікпен үй берілуі мүмкін

Ұстаздарға жеңілдікпен үй берілуі мүмкін

Мұғалімдерге алғашқы жарнасыз жеңілдікпен үй алуға мүмкіндік берілуі ықтимал. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Кабимолдаева мәлім етті, деп хабарлайды baq.kz.

Астанада «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заңының жобасы талқыға салынды. Шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысты.
Заң жобасындағы ұсыныстарды мұғалімдерге Сәуле Кабимолдаева таныстырды.
Оның айтуынша, аталған құжат ұстаздарға жеңілдікпен үй беруді көздейтінін жеткізді.
«Педагогқа алғашқы жарнасыз жеңілдікпен үй алуға әлеуметтік кепілдік беріледі. Сонымен қатар оның қызметтік үй немесе жатақхана алуға мүмкіндігі бар. Қызметтік үйде тұрып жатқан мұғалім отбасының мүшелері, ұстаз қайтыс болған жағдайда қызметтік үйді қалдық құны бойынша сатып алуға ықылас танытса, күшпен үйден шығарылмайды. Барлық санаттағы мұғалімдерге жыл сайынғы күнтізбелік 56 күнді құрайтын ақылы еңбек демалысы беріледі», - деді ол елордадағы №59 мектепте өткен қоғамдық тыңдау барысында.
Сонымен қатар Сәуле Кабимолдаева аталған заң аясында еркек педагогтар отан алдындағы әскери қызметін өтеуді кейінге қалдыра алатынын атап өтті.

11 қаңтар 2019 ж. 473 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области