Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл доллардың бағамы қанша болады?

Биыл доллардың бағамы қанша болады?

Доллар 400 теңгенің айналасында болады, деп хабарлайды 24.kz.


2019 жылға қазақстандық сарапшылардың болжамы осындай. Ал Bloomberg басылымы 2019 жылдың соңына дейін федералды резерв жүйесі АҚШ-тың қазынашылық құнды қағаздарының пайызын 2,69 -дан 3,44 пайызға дейін өсіру ықтималдығын болжады. 2015 жылдан бері бірінші рет доллар 4,4 пайызға артқан. Десе де, сарапшылар АҚШ экономикасының өсім қарқыны бәсеңдеуі мүмкін дейді. Бұған Қытаймен жүріп жатқан сауда соғысы әсер етеді. Financial Times басылымы хабарлағандай, биылғы бірінші тоқсанда ІЖӨ өсімі 0-дің айналасында болады. Демек, американдық ақшаның құны төмендеуі ықтимал.

Қазақстанда 2019 жылы инфляция болжамды дәлізден шығуы мүмкін
Ұлттық банктің мәліметінше, биыл елдегі инфляция 6 проценті шамасында сақталады. Болжам бойынша 2020 жылдан бастап 4 пайыздан төмен көрсеткішке жетеді. Ал Трейдин экономикс сарапшылары жасаған антирейтингте өткен жылы еліміз 43-тұғырдан көрінді. Алғашқы үштікке Венесуэла, Судан, Оңтүстік Корея кірді. Сарапшылар Венесуэланың көрсеткішін гиперинфляцияға балады. 1300000 пайызға жуықтап, Халықаралық валюта қорының болжамынан да асып кеткен. Жаңа деректер де белгілі болып жатыр. Ағымдағы аптада Түркиядағы инфляция деңгейі 20 пайыздан асты. Украинадағы көрсеткіш 10 пайызға жуықтады.

Биыл палладий металы 28 пайызға қымбаттайды
Алтынның құны 3 пайызға артады. Бұл туралы тауар нарығын талдаушы Оксана Лукичева мәлімдеді. Өткен жылы қос металл құны сәйкесінше 18,4 және 0,9%-ға қымбаттаған. Палладийдің құны «Норильский никель» компаниясының сатуын тежеуге және автомобиль өнеркәсібінде металды тұтынудың өсуіне байланысты өсті. Ал күміс пен платина керісінше арзандауы мүмкін. Бұған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы әсер еткен.
Дүниежүзілік банктің президенті Джим Йонг Ким мерзімінен бұрын қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол бұл лауазымды 2022 жылға дейін атқаруы тиіс еді. Оның ұсынысы бойынша АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама осы қызметке әбден лайық. Ал Джим Йонг Ким жеке фирмаға басшы болып, дамушы елдердегі инфрақұрылымдық инвестицияны көбейту сияқты шаруалармен айналыспақ.

13 қаңтар 2019 ж. 415 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области