Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғандық жас жұбайлар тойларында мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Жаңақорғандық жас жұбайлар тойларында мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Жаңақорғандық Нұркен мен Айнұр Жаназаровтар өздерінің шаңырақ көтерген тойында қаржысын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Ол аудандық мешітке келіп əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік өнімін үлестірді.
«Өмірімізде бір рет жасайтын үлкен тойымызды дүркіретіп жасауға болар еді. Достарымның тойға деп жинап берген 250 мың теңге қаржысына аудандағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді жөн көрдім. Достарым да ол ойымызды қолдай кетті. Бұл ешқандай да мақтан үшін емес. Жаңа өмірге басқан қадамымызды жақсылықпен бастасақ деген ниетіміз. Сонымен қатар өзімізден кейінгі жастарға тойдағы артық шығынсыз, жалға алынған қымбат көліктермен серуендемей-ақ ерекше той жасауға болатындығын түсіндіргіміз келді», - дейді Нұркен Жаназаров.

Шаңырақ көтерген екі жастың некесін қиған ауданның бас имамы Сайдулла қажы Омаров мұндай игі іске дән ризашылығын білдірді.

14 қаңтар 2019 ж. 517 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области