Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мықты ана тәрбиелеген адамдардың 14 ерекшелігі

Мықты ана тәрбиелеген адамдардың 14 ерекшелігі

Анаңыз мықты болса, одан не үйрендіңіз? Жасөспірім кезде ананың мықтылығын түсіну қиындау. Ананың тәрбиесін есейгенде барып сезіне бастайсың. Ана баласына не бере алады? Өз бойында бар күш-қуатты. Анаңыздан не алғаныңызды атай аласыз ба?

1. Бар қиындықты өз бетіңше шеше білу
Біреуге су әкеп берші дегенде, анаң «Аяғы жоқ адам құсамай, өзің барып іш» дейді. Немесе дастархан басында отырғанда тұз, қант бере салшы дегенде, «Қолыңды созып ал» дейді. Бәрі түсінікті: бүкіл әлем сенің айналаңда айналып жатпайды, ешкім саған ештеңе істеп беруге міндетті емес. Өзіңе керектіні өзің жасап үйренуің керек.

2. Тәкәппарлыққа ұрынбай, өз қатеңді тез мойындайсың
Бала күнде кілемге су төгіп алғанда, құмыраны шаққанда, мен емес деп мойындамайтынбыз. Кейде тіпті өзімізден кіші бауырларға жаба салатынбыз. Бірақ мықты аналар баласына қатеңді мойында деп үйретеді. Жасағаныңды мойныңмен көтер дейді. Адамның қателігін мойындай алатындығы анасының мықты болғанын көрсетеді.

3. Өзіңді ерекше сезінесің
Себебі, мықты аналар бар махаббатын баласына беріп, арманыңды ұрлатып алма деп үйретеді.

4. Нақты мақсатың болып, соны орындауға барыңды салу
Мықты аналар ерекшесің дегенге иландырып қоймай, мақсатшыл болуды да үйретеді. Мықты ананың арқасында балада күрделі мақсаттар, соған жеткізетін рух пайда болады.

5. «Жоқ» деп айта білу
Адамның бәрі мені сүйсе екен, сыйласа екен дейді. Сол себепті көбіне «жоқ» дегенді айта алмайды. Қарым-қатынастағы басты түйткіл соған тіреледі. Көшеден біреу мекен-жай сұрай қалса да, білмей қалуға қорқамыз. Мықты ананың баласы мұндайдан қорықпайды.

6. Өзін бағалай біледі, құрметтей біледі
Ана — сені ешбір дүниеге қарамастан жақсы көретін бірінші, бәлкім жалғыз адам болар. Ол саған қандай махаббатқа лайық екеніңді көрсетеді. Мықты ана өзіңді жақсы көруді, өзіңді құрметтеуді сіңіреді. Азға қанағат тұтпай, зорға ұмтылуды үйретеді.

7. Приоритеттер тізімінде өзіңді ең бірінші қою – өзімшілдік емес
Өзгеге көмектесу, жомарт болу – тамаша қасиеттер. Шектен тыс мырзалық, есесіне ештеңе алмау түбінде адамды жұтатады. Мықты ананың баласы дұрыс теңгерімді жасай біледі – өзін де ойлап, өзгеге де қамқор болады. Бұл өзімшілдік емес.

8. Сендегі құндылық – тек тән емес
Жетістікке жету үшін сымбатты болу шарт делінеді. Мықта ананың баласы адамның тұлғалық қасиетін, мінезді жақсы көрген абзал екенін біледі. Олар әжімге, целлюлит пен артық салмаққа мән бермейді.

9. Кей дүниені еркіне жіберу керек екенін түсіну
Екеуді де жұтататын қарым-қатынасты жалғастыра беру, жақсы көрмейтін жұмыста шаршау, үнемі жағымсыз жағдайға душар бола беретін адаммен дос болудың да шегі бар. Мықты ананың баласы мұның бәрін аттап үйренеді. Еркіне жібереді.

10. Өзіңді ренжітуге жол бермеу
Мамандар, айналадағы адамдарға өзіңді құрметтетіп үйретуге болатынын дәлелдеп жүр. Мықты ананың баласы оны жастайынан біледі. Олар ешқашан өзін кемсітуге, қорлауға жол бермейді.

11. Аз сөйлеп, тиянақты нәтиже шығарады
«Адамды танығың келсе, сөзіне емес, ісіне қара», – бәріне белгілі нақыл. Осы жағдайға мықты ананың баласы ерте үйренеді. Күрделі жолмен жүріп тапқан абыройы олардың басты көмекшісі болады.

12. Уәдеге берік болу
Уәдеге берік болу – анасы үйрете алатын ең тамаша қасиет. Бар қиындығына қарамастан баласына берген бүкіл уәдесін орындаған ана ғана үйрете алады.

13. Тыңдай білу
Мықты аналар баласын тыңдай біледі. Баласы мағынасыз нәрсе айтқанда да құлағы түрулі болады. Анасы мұқият тыңдаған бала айтқанын түсіндірудің не екенін бағалайды. Өздері де өзгенің сөзін бөлмей тыңдап үйренеді.

14. Отбасыға адалдық
Махаббат пен құрметке бөленіп өскен мықты ананың баласы сол дәстүрді жалғастырады. Өз баласына да отбасы мен туыстарды құрметтеуді үйретеді.

Шынар Әбілдә
Фейсбук парақшасынан
16 қаңтар 2019 ж. 563 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области