Қызылорда қаласы әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды
Қызылорда қаласы әкімдігінде бірқатар бөлімдер қайта құрылып, кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
2018 жылғы 5 қазандағы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында тиімсіз шығындарды оңтайландыру мен басшылық құрамын қысқарту арқылы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыруды міндеттеді.
Осы ретте, аймақ басшысының келісімімен қала әкімдігіне қарасты бірқатар дербес бөлімдерді біріктіріп, қызметін оңтайландыру жөнінде шешім қабылданды.
Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерін қосу жолымен «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Осы бөлімнің басшысы қызметіне Марат Жаркеткенов тағайындалды.
Сондай-ақ, қала әкімдігінің қаулысына сәйкес «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтк бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылып, бөлім басшысы қызметіне Гүлмира Рахметова тағайындалды.
Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі мен қалалық ветеринария бөлімдері біріктіріліп, «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Аталған мемлекеттік мекеменің басшысы лауазымына Медет Сейілов тағайындалды.