Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арзан тұрғын үй несиесін қалай алуға болады

Арзан тұрғын үй несиесін қалай алуға болады

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтарға арзан несие алу жолын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз таяуда қолжетімді несие алуға байланысты сараптама жүргіздік. Ең алдымен өзге несие жүктемесі болмауы тиіс. Сондықтан ипотека алу үшін банкке жүгінбес бұрын өзіңнің барлық тұтынушылық несиеңді, өзге банктердегі несиелік карталарыңды жабуға тура келеді», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бүгінде елімізде 6 млн адамның кепілсіз алынған тұтынушылық несие бар.
«Бұл несие смартфонға, тұрмыстық техникаға және басқа да қажеттілікке алынған. Аталған адамдар түрлі несиелік бағдарламаға қатыспас бұрын сол қарыздарын жауып алғаны жөн. Себебі есептеу тетіктері мынадай: отбасыңыздың орташа табысы есептелініп, ол отбасының әрбір мүшесіне бөлінеді. Біз оның несиені төлей алатындығын қараймыз. Барлық банктердің нормативтеріне сәйкес несие төленгеннен кейін сіздің табысыңыздың 50 пайызы өмір сүруіңізге, балаларыңызды мектеп апаруға, киіндіруге, тамақтандыруға жетуі керек», - деді банк басшысы.
Оның айтуынша, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» клиенттердің төлем қабілетін бағалауы барынша қолайлы. Өйткені, банкке жүгінетін азаматтар бірінші рет баспана сатып алуға ниетті және олар қалай болғанда да несиесін жабады. Сонымен қатар ол елімізді бала туу көрсеткішінің артуына байланысты баспананы несиеге алушылардың да легі ұлғайып отырғанын баса айтты. Банк тарапынан салымшыларға төленетін мемлекеттік сыйақының жыл сайын ұлғайып келе жатқанын атап өтті.
«Ағымдағы жылы 300 мыңнан астам адам мемлекеттік сыйақы алады. Ол 96 мың теңгеден асады. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сыйақы 200 АЕК көлемінде аударылады. Ал 2019 жылы мемлекеттік сыйақы алғаш рет 100 мыңнан асып түсетін болады. 2019 жылдың қорытындысында 101 мың теңгені құрайды», - деді ол.

17 қаңтар 2019 ж. 471 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области