Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда біраз адамдардың ипотекалық қарызы кешірілмек

Қазақстанда біраз адамдардың ипотекалық қарызы кешірілмек

Қазақстанда кей борышкерлердің қордаланған ипотекалық қарызы кешірілуі мүмкін, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматыда Ұлттық банк жанындағы жұмысшы топтың отырысында мәлім болды.
Арнайы бағдарлама қабылданатын болса, 4 категориядағы адамдардың берешегі қайта қаралады.
Атап айтқанда, ипотекалық қарызы бар 1 және 2 топтағы мүгедектердің, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен қайтыс болған ата-анасынан ипотека мұраға қалған кәмелетке толмаған балалардың қордаланған қарыздары кешірілуі мүмкін. Бұл бастаманы қоғамдық ұйымдар өкілдері бірнеше мәрте көтерген еді.
Үміт Бағиянова 2006 жылы екінші деңгейлі банктердің бірінен 198 мың АҚШ доллары көлемінде несие алған. Шетел валютасымен алғандықтан, девальвация кезінде қарызы екі есеге артыпты. Екі бірдей баспананы кепілге қойғаны жағдайды ушықтырып тұр.
«Бауырым 7 баланың әкесі, екінші топтағы мүгедек, мен жалғызбасты ана болған соң, бірігіп жұмыс істейік деп дүкен алдық. Бауырымның жүйкесі тозып бітті, қан қысымы көтеріледі, осы санатқа жатады деп үміттенемін. Туыстарымның үйлерін банк қайта-қайта сатуға қояды. Үйлері кетіп қала ма деп қорқамыз», — дейді ол.
Ұлттық банк жанынан құрылған жұмысшы тобының мүшесі Шолпан Ризабекованың айтуынша, аталған санаттағы борышкерлердің қарызын кешіруге екінші деңгейлі банктер мен бас қаржы реттеуші келіскен.
Ұлттық банк бұл мәселеге қатысты алдағы күндері нақты жауап беретінін мәлімдеді.

23 қаңтар 2019 ж. 443 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области