Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Талантты жастарымыздың жолын ашуымыз керек - Елбасы

Талантты жастарымыздың жолын ашуымыз керек - Елбасы

Талантты жастарымыздың жолын ашуымыз керек. Бұл туралы бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» Жастар жылының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінгі әлемге әйгілі ірі компаниялардың негізін жас кәсіпкерлер қалағанын барлығыңыз білесіздер. Мысалы Фейсбукті Марк Цукерберг 19 жасында ойлап тапты. Майкрасофты Бейл Гейтс 20 жасында, Aplle компаниясын Стив Джобс 21 жасында құрды. Бізде де 13 жасында ҚБТУ-дың 2 курсын оқып жатқан баланы қазір ғана тыңдадық. Олардың барлығы аспаннан салбырап түскен жоқ. Талант деген де бар, оны жасыруға болмайды. Бірақ Эйнштейн айтқандай, талантың 90 пайызы еңбек», - деді шара барысында Елбасы.

Мемлекет басшысы ЭКСПО нысандарының бірі стартап-жобаларды әзірлеумен айналысатын жастарға берілгенін атап өтті.
«Сол жерде Қазақстанның 200 жасы өз шаруаларын жасап жатыр. Мен баяғыда арнайы бір үлкен ғимарат салып, бірдеме жасап, оны ары қарай дамытамын деген балалардың барлығына мүмкіншілік жасау керек деп ойлаушы едім. Олардың ойлап тапқан жобаларын коммерциализациялауға көмектесу керек. Халқымызда «ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Біздің жастарымызда мұндай қасиет бар екенін көріп отырмыз. Мына залға барлық таланттарымызды жинай алмаймыз, симаймыз. Бірақ барлық жастарымызға жол ашу маңызды», - деді ҚР Президенті.

23 қаңтар 2019 ж. 602 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области