Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жастар жылының логотипі бекітілді

Жастар жылының логотипі бекітілді

Жастар жылының логотипі бекітілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚР Қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

23 қаңтарда Астанада Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуы өтеді.
Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыруға бастау болмақ. Аталған іс-шара үшін арнайы «Жастар жылының» логотипі әзірленді, онда жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі- үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу барысында әрбір құстың қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады, осының арқасында құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады.
Бірлескен табысты ұшудың негізгі ережесі - топ пен барлық еңбектің нәтижесін қатамасын ететін адал қарым-қатынастар.
Аталған бастама жастардың өзара іс-қимылын көрсетудің ең жақсы тәсілі болып табылады. Тырналар мәңгілік жастық, бақыт пен сәттілікті бейнелейді. Жастар саясатындағы негізгі жетістіктерге бірлескен күш-жігерлер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізілді.
Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға сары түс - позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс - кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс - тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы болып табылады.

22 қаңтар 2019 ж. 600 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области