ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ БАСТАУ
Жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау және бағдарламаны іске асыруға жастарды кеңінен тарту мақсатында өңірімізде барлық деңгейдегі 9 жастар ресурстық орталығы базасында 61 жастар орталығы бар. Жоғары оқу орындарының, орта және арнаулы оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі 33 комитеті, кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі 19 комитеті құрылған болатын. Олардың платформаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат, міндеті талқыланып, студент жастар мен оқушылар арасында шығармашылық байқаулар өткізіліп, түрлі жобалар әзірленуде.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметіне сәйкес «Zhastar Camp Qyzylorda-2017» шеңберінде жастардың ой санасын жаңғыртудың кейбір аспектілері бойынша мың жас үшін 2017 жылдың маусымында Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы» демалыс лагері базасында оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстарға өңірімізде 42 белсенді жастар ұйымы, 8 еріктілер және 39 жас спортшылар ұйымы жұмылдырылды. Жастар ұйымдары өңіріміздегі жоғары, арнаулы және орта оқу орындарымен бірлесіп 1136 іс-шара өткізді.
«Тәрбие және білім» бағытын жүзеге асыруға өңірдегі жоғары оқу орындарының және білім беру ұйымдарының оқытушылық құрамының 80%-ы жұмылдырылған.