Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Астанада Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді

Астанада Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді

23 қаңтарда Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында («EXPO-2017» көрме кешені) «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы 24.kz ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиасаласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметкерлер және т.б. қатысады деп күтілуде.
Осылайша елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыру бастау алатын болады. Іс-шара барысында жастар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырылады. Спикерлер ретінде әртүрлі салалардағы жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар баяндама жасайды. Мәселен, танымал кәсіпкерлер, стартаптар, еріктілер, ауыл шаруашылығы, ғылым және әдебиет саласындағы мамандар сөз сөйлейді деп күтілуде.

21 қаңтар 2019 ж. 782 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области