Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР СЪЕЗІНЕ 43 ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСАДЫ

ЖАСТАР СЪЕЗІНЕ 43 ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСАДЫ


    Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Брифингке  «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес және «Жас Отан» Жастар қанаты орталық кеңесінің мүшесі Мағжан Ералиев қатысты.
    «Нұр Отан» партиясы тарапынан осы жыл «Жас Отан» Жастар қанатының жылы болып белгіленді. Наурыз айының 28-29 күндері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі өткізіледі.
    Съезд жұмысына ҚР Парламенті және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен «Жас Отан» ЖҚ өкілдері, сонымен қатар, барлық аймақтардағы жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашыл, ғылыммен айналысатын және жұмысшы жастар қатысады. Аталған съезге Қызылорда облысынан 43 делегат барады.
    – Делегация құрамынан жас ғалымды да, ауыл жастарын да, спортшыларды да, жас кәсіпкерлерді де, жастар ұйымдарының белсенділерін де табуға болады. Әрқайсысы өз саласының озық мамандары. Жасотандықтар үшін съездің маңыздылығы өте жоғары, онда маңызды құжаттар қабылданып, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу күтілуде, – дейді Талғат Тілес.
    Жақында «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңес мүшелігіне сайлау жүргізілді. Қызылорда облысынан 15 кандидат бақ сынасқан сайлауда ашық және онлайн дауыс беру нәтижесінде Мағжан Ералиев жеңіске жетті.
    «Жас Отан» Жастар қанатында құрылымдық өзгерістер де орын алды. Алдағы уақытта «Жас Отан» Жастар қанаты 3 бағытта жұмыс атқарады. Олар:«Даму», «Сана», «Жүрек» деп аталады. Осы аталған бағыттарға сәйкес «Жас Отан» Жастар қанаты биылдан бастап 12 жобаны жүзеге асырмақ.

26 наурыз 2018 ж. 942 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области