ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында "Жас Отан" Жастар қанатының ұйымдастыруымен Елбасының бес әлеуметтік бастамасын талқылау мақсатында жиын өтті.
Жиында "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, Қызылорда облыстық білім, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармалары мен мемлекеттік кірістер департаменті мекемелерінен арнайы келген сала мамандары бес әлеуметтік бағыт бойынша жастарға толық түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Қызылорда облыстық "Жас Отан" Жастар қанатының төрағасы Талғат Тілес Елбасы бастамаларының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін және бұл бастама жастар үшін жасалған үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.
Жиын қорытындысында мамандары Елбасы бастамалары бойынша азаматтық көзқарастарын білдіріп, жастармен өзара пікір алмасты.