Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫНЫҢ БІРЕГЕЙ БАСТАМАЛАРЫ ҚОЛДАУ ТАБУДА

ЕЛБАСЫНЫҢ БІРЕГЕЙ БАСТАМАЛАРЫ ҚОЛДАУ ТАБУДА


    "Елбасының 5 әлеуметтік  бастамасы" атты Үндеуі бүгінде қарқынды қолдауға ие болуда. Бұл туралы бүгін Өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Тұрғын үй жинақ банкі" Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев және "Жас Отан" Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тлес мәлімдеді.
    Елді елең еткізген бастаманың бірі ол – «7-20-25» атты бағдарлама. Елбасының бастамасына Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі де өздерінің қолдауын көрсетуге әзір. Себебі, "Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі" Президенттің тікелей бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету міндетін сәтті орындап келеді.
    "Тұрғын үй жинақ банкі" Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаевтың айтуынша, жаңа бағдарламаның қолданысқа енуі қазақстандықтарды үймен қамтамасыз етіп, өз баспаналарын сатып алуға мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Ал жалпы алғанда банктер үшін бұл бағдарлама, өзара салауатты бәсеке қалыптастырып, өз өнімдерін азаматтардың сұранысына бейімді етіп жасауға мүмкіндік береді.
    Сонымен қатар, Елбасының жаңа импульс беретін бастаманы көтеруі ең алдымен жастарды қуантты. "Мемлекет Басшысы қай кезде де халықтың қамын ойлап, тұрмыс жағдайының, әлеуметтік мәселелерінің шешіліп отыруына қамқорлық жасауда. Әрбір жолдауында жастарды тысқары қалдырған емес. Ұсынған әлеуметтік бастамаларға мән беріп қарасаңыз, басты назарда жастар тұр.  Жастар әркез Елбасымыздың қамқорлығын сезініп келеді. Ендігі кезекте сенім артар жастар үмітті ақтауы тиіс", - дейді Жас Отан" Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тлес.

06 наурыз 2018 ж. 631 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области