Ауылдарда еріктілер жұмысы жандана түсті
Қызылорда облысының ауылды елді мекендерінде еріктілер қозғалысы жандана түсті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Мəселен, Шиелі ауданында еріктілер саны 20 пайызға көбейген. Ал олардың қатысуымен былтыр 500-ден астам түрлі шара өтті. Ауданда жастарды жұмыспен қамту мəселесі де шешімін табуда. «Дипломмен ауылға бағдарламасы» аясында 250-ге жуық жас ауыл дамуына үлес қосу үшін оралған.
«2019 жылы қандай креативті жаңалықтар болатынын Елбасының аузынан естіп, серпіліс алдық. Жастар жылына Шиелі жастары белсенді қатысады», - дейді Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Біржан Бақтыбайұлы.
Айта кетейік, кешегі өткен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы ерікті жас студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырған болатын.