Еріктілер қайырымдылық жолында өз жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек
Елбасының жастарға деген қамқорлығы ерекше. Міне, бүгін елордамыз Астана қаласында әр аймақтан жиналған белсенді жастардың басын қосып, жастар жылының ашылу салтанаты өтуде. Демек, Елбасы бізге сенім артып отыр, ал біз осы үдеден шығуымыз керек.
Жастар жылында "не болады? не береді?" деген жастар көп. Осы уақытқа дейін жастарға барлық жағдай жасалынып келді. Әлі де жасалына береді. Пайдалана білген жасқа барлық мүмкіндік бар елімізде.
Елбасы жастарға жалғызбасты, науқас жандарға қайырымдылық таныту қажет екенін айтып өтті. Бүгінде еріктілердің жетекшісі ретінде біршама қайырымдылық шараларын атқарып келеміз. Және бұдан кейін де Сыр жастарын жақсылық, қайырлы іс жасауға шақырамыз. Сондай-ақ, Елбасы қайырымдылықпен айналысатын еріктілердің шәкіртақысы 30 пайызға көбейетінін де баса айтты. Бұл жастарға үлкен қолдау деп білемін.
Бізге, жастарға, артар сенім де, жауапкершілік те үлкен. Сондықтан, Елбасының сөзімен айтсақ, біз, жастар, Отанымызда жүзеге асырылып жатқан барлық үдерістерге атсалысуымыз қажет.
Қазақстан жастары, Жастар жылы құтты болсын. Сәттілік тілеймін!
Сағатбек Сиюов,
«Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының жетекшісі