Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨП

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨП


Ел болашағы жастардың қолында десек, Елбасы өзінің әр Жолдауында жастар мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Жыл өткен сайын жастарға деген сеніммен бірге оларға білдірер қолдау да артып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға аймақтың көшбасшы жастары да ризашылықтарын білдіріп, ел мүддесі үшін атқарылуы тиіс істерді талқылап келеді. Жастар мәселесіне орай Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы болып өтті.
Жиында ең алдымен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі туралы сөз болды. «Екі қолға бір күрек» демекші, қазіргі уақытта жастардың жұмыс жасауына мүмкіндік беріп отырған бағдарламалар көп. Көшпелі отырыстың күн тәртібінде «Дипломмен ауылға» жобасының жүргізілу барысы, ауыл шаруашылығы саласындағы «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларына жастардың қатысу жайы айтылды.
аудандағы биылғы бітіруші түлектердің 98 пайызы жоғарғы және арнаулы оқумен қамтылып, студент атанды.
Әрбір жас еліне, туған жеріне адал қызмет етуді өзінің қасиетті борышы санап, бір істің тұтқасын ұстаса, ауылдың көркейіп, дамуына мүмкіндіктер ашыла түсері анық. Бүгінде ауылға қажетті әлеуметтік нысандар ел игіліне берілген Төңкеріс ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асу барысын ауыл әкімі А.Нұрманова тілге тиек етті. Одан әрі облыстық жастар денсаулық орталығы аудандық құрылымдық бөлімшесінің дәрігері Л.Аширова жастар арасындағы түрлі қылмыстық құқық бұзушылық пен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайының жиіленуін қозғады.
Жастар кез келген сәтте еліміздің өсіп-өркендеуі жолында, өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсенділік таныта білуі керек. Осы тұста, өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бағытталған «Жол картасы» мен кешенді жоспарлар қабылданып, әлеуметтік жобалар іске асырылып жатқанын баршамыз білеміз.Көшпелі отырыс барысында айтылған жағымды жаңалықтың бірі – жастар мен жастар ұйымдарының басын қосатын ауданда «Жастар сарайының» жаңа ғимараты бой көтеретін болады. Қазіргі таңда жастар сарайының жоба-сметалық құжаттары дайын. Аталмыш орталық аудан жастарының жан-жақты дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне, әсіресе, маригинал жастардың мәселелерімен нақты айналысуға мүмкіндік береді. Осы орайда, «Жастар істері жөніндегі кеңес» отырысы хаттамаларының орындалуы жайында аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты А.Маманова хабарлама жасады.
Жастардың көшпелі отырысы барысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов пен облыстық «Zhas project» жобасының координаторы Б.Егізбаева мерекелік медальмен марапатталды.
26 қазан 2018 ж. 877 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области