Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшылықтар соя егуді бастайды

Қармақшылықтар соя егуді бастайды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Қармақшы ауданының халқы дәстүрлі күріш дақылынан басқа да майлы дақылдарды, оның ішінде сояны өндірістік негізде өсіруге бел шешті.
"Бұл суды аз талап ететін және нарықта сұранысқа ие болып отырған дақылдардың бірі. Биыл біз «Тұрмағамбет» ЖШС-і негізінде осы дақылды егуді бастаймыз", - деді С.Мақашов.
Жалпы, Қармақшы ауданы ауылшаруашылығына негізделген аймақ.
Айта кету керек, өткен жылдармен салыстырғанда суды көп қажет ететін күріш көлемі 359 гектарға азайтылды, ал жаздық бидай 8 гектарға, бақша 4 гектарға, көкөніс 100 гектарға, мақсары 362 гектарға көбейді. Күріштің «Тором Хошеми» ирандық сортын «Ақтөбе и К» ЖШС 300 гектарға жеткізді.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында «Жаңажол» серіктестігінің құны 65,0 млн теңге болатын қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш ақтайтын өңдеу зауыты іске қосылды. Оған қосымша жоба құны 40 млн теңге болатын астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
24 қаңтар 2019 ж. 459 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области