Жұлдыздар не дейді?
Айналаңыздағылармен қарым-қатынасыңыз жақсы. Үйге керек-жарақ алып, сауда-саттық жасауға және сұлулық салонына баруға өте қолайлы күн. Көңіл-күйіңізді көтеретін сауық кештерге барып, бой сергітсеңіз болады. Романтикалық кеш ұйымдастыру да артықтық етпейді.
Торпақ
Алдына кезіккен кедергілерге қарамастан, алға қойған мақсаттарына жетуге ұмытылғандардың жолы болады. Қиялға шек қоймай, табандылық танытыңыз. Сонда ғана мақсатыңызға жетесіз. Өтірік айтудан сақтаныңыз.
Егіздер
Ақшаңызды үнемдеңіз. Кешқұрым жаяу серуендеген денсаулыққа пайдалы. Отбасыңызбен бір дастархан басында жиналып, отбасы мүшелерінің әңгімелерін тыңдап, ара-қатынастарыңызды жақындата түсіңіз
Шаян
«Ақырын жүріп, анық бас» деген нақыл бүгін сізге арналғандай. Жұмыстағы жағдаяттарды қадағалап, өз ісіңізге сараптама жасайыз. Бүгін өзіңізге көп көңіл бөліңіз. Театрға немесе киноға барыңыз.
Арыстан
Бүгін сіз өзге адамдардың айтуымен жүретін боласыз. жанашыр жандардың кеңесін де тыңдамай, соңыңыздан ерген өсек-аяңға да мән бермейсіз. Өзіңіз шешім шығаруға мүмкіндігіңіз жоқ. Сондықтан жұмыста белсенділік таныта алмайсыз.
Бикеш
Сіздің арманыңыз бен мүмкіндігіңіз бір-бірімен үйлеспейді. Сондықтан өзіңізге ұнаған затты, бұйымды сатып ала алмайсыз. Бірақ бүгін өте жақсы, тартымды адаммен жолығасыз. Бұл сіздің болашақ өмірлік серігіңіз де болуы мүмкін.
Таразы
Сіз бүгін тапқырлық танытасыз. Бүгін дөңгелек үстел, кездесулер ұйымдастырып, көзге түсуге болады. Бүгінгі күн бір сарында өтпейді. Сондықтан бұл күні қиын мәселелер де болуы мүмкін.
Сарышаян
Серігіңізбен жақсы күнді бастан өткізесіз. Бүгінгі күніңізді ғашық жандарыңызға, өмірлік серігіңізге арнаңыз. Ал басы бос «сарышаяндар» сіздерді бүгін жаңа тыныстықтар күтіп тұр.
Мерген
Өте жақсы күн. Барлығы сіз ойлағандай болып, жоспарларыңыз бірінен соң бірі жүзеге аа бастайды. Жұмыста көзге түсіп, тинақтылығыңыз бағаланатын болады.
Тауешкі
Бүгінгі күнді өз денсаулығыңызды жақсартуға арнаңыз. Ағзаңызды тазартуды қолға алыңыз. Рухани азық болар дүниелерге зер салыңыз. Саяхаттауды армандап қана қоймай, оны жүзеге асыруға тырысыңыз. Жұмысқа қатысты кездесулерге барып, нақты жоспарларды қолға аласыз.
Суқұйғыш
Жұмысқа қатысты сізді қызықтырған ұсыныстар түсуі мүмкін. егер басыңыз бос болса, ұнатқан жанға көңіліңізді білдіріңіз. Оны романтикалық кешке шақырыңыз.
Балықтар
Бұл күнді сүйікті жанмен немесе достарыңызбен өткізіңіз. Демалыста белсенді болыңыз. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз сізге жұмысқа қатысты ұсыныстар түсуі мүмкін. бірақ «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегенді ұмытпаңыз.