Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық жас кәсіпкер ағылшын тілін тегін үйретіп жүр

Қызылордалық жас кәсіпкер ағылшын тілін тегін үйретіп жүр

Сыр өңірінде жастар корпусын дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Шиелі ауданында жас кәсіпкер Мөлдір Дүйсенова жетім балаларды, толық емес, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына ағылшын тілін тегін үйретеді. Аудармашы мамандығын меңгерген ол АҚШ-та арнайы оқудан өтіп, Түркия мен Ресейде тәжірибе жинақтады. Қазір Шиелі кентінде жұмыс істейді. Жыл сайын оның курстарына ауданның үш мың оқушысы қатысады. Өткен жылы Мөлдір «Жас проджект» жобасы бойынша грантты жеңіп алды.
«Ағылшын тілі курсы 2013 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ең алғаш ашылған кезде жалғыз өзім сабақ беретінмін. Уақыт өте келе командамызға 10-нан аса мұғалім қосылып, 4 жерде филиалымыз бар. Ауыл мектептерінен ұсыныстар түсіп жатады», - дейді кәсіпкер Мөлдір Дүйсенова

28 қаңтар 2019 ж. 566 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области