Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ZHAS PROJECT» – ЖАҢА ЖОБА

«ZHAS PROJECT» – ЖАҢА ЖОБА


«Zhas project» – жастарға арналған бірегей бағдарлама. Жоба шеңберінде жастарға өз кәсіби және көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге, оған қоса халыққа пайдалы әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Бағдарлама биылғы жылы да жалғасын тауып, көптеген аудан, ауыл жастарының кәсіп бастауына мұрындық болды. Ереже бойынша грант кәсіп бастаушыға қайтарымсыз беріледі. Бірақ, әлеуметтік жобаның грантын жеңіп алған жастар жарты жыл халыққа тегін қызмет көрсетуге міндетті. Бұған дейін де айтқанымыздай, аталған жоба төрт компонентті қамтиды.
Бағдарлама аясында қатысушылар үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады. Сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақыларына байланысты жоғары оқу орнының түлектері 60 мың, қалған қатысушылар 40 мың теңге алады.
Бұл жылы Жалағаш ауданы жастары ұсынған «Zhas project» жобасына қатысқан 300-ге жуық жобаның ішінен 75 жоба тіркеліп, 26 жоба қолдау тапты.
«Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында ауданда жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Соның бірі – «Learn English» ағылшын тілін оқыту орталығы.
«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып, жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», - деп Елбасы Жолдауда ерекше атап өткен болатын. Осыны негізге ала отырып, арнайы ағылшын тілінің курсын ашуды жоспарлаған Назерке Құлымбай жоба жеңімпазы атанды.
– Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Сондықтан, біз ағылшын тілін оқыту орталығын ашып, жастарды 6 ай тегін оқытамыз. Орталықты ұйымдастыру үшін арнайы орынды жалға алып, құрал-жабдықтар орналастырамыз. Топтың басқа мүшелері оқыту кестелерін дайындап, мақсатты топпен жұмыс жасайды. Жалағаш кентінен 14-29 жас аралығындағы 150 жасты оқытуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларын оқытатын боламыз, – дейді топ көшбасшысы.
Расында, жастар үшін ағылшын тілін оқыту орталығы игі бастама осы болмақ. Заман ағымына қарай жалағаштық жастар шет тілін меңгеріп, біліктілігін арттырмақ. Жоба көшбасшысы Назеркенің айтуынша, бұл орталық қаржыландыру уақыты аяқталған соң да өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Жалағаш ауданы
18 қыркүйек 2018 ж. 1 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области