Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Білім басқармасы: Дәретханада қатарласын ұрып-соққандар мектеп бітіріп кетті

Білім басқармасы: Дәретханада қатарласын ұрып-соққандар мектеп бітіріп кетті

Бұған дейін әлеуметтік желілерде дәретханада түсірілген видео таралған болатын. Онда бір балаға бірнеше құрдасы жабылып, соққыға жығады. Осы оқиғаға қатысты Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
Белгілі болғандай оқиға бір жыл бұрын, 2018 жылдың 18 ақпанда түсірілген.
«Бұл оқиға Қызылорда қаласындағы №10 орта мектепте орын алған. Видеодағы жасөспірімдер 9-сыныпты бітіріп, қаладағы колледждерге оқуға түсіп кеткен. Қазір мектеп қабырғасында оқымайды. Оқиға болған жылы бұл мәселе бойынша ешкім арызданбаған. Қызылорда Полиция басқармасының өкілдері мән-жайды анықтап жатыр», – дейді басқарманың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін мектеп дәретханасында құрдастарын ұрып, оны видеоға түсірген жасөспірімдер анықталғаны туралы хабарлағанбыз.
28 қаңтар 2019 ж. 421 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области