Қызылордада «IT-IMAQORDA» балалар ресурстық орталығы жұмыс істеп тұр
Қызылордада «IT-IMAQORDA» балалар ресурстық орталығы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресурстық орталықта 3D-сурет салу студиясы, робототехника және 3D-модельдеу секциялары, көпшілік алдында өнер көрсету дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған кабинеттер, сондай-ақ "DVOREC TV" балалар телеарнасы бар.
"IT IMAQORDA" технопарк ресурстық орталығы "Нұр Отан" партиясының "Балаларға арналған тегін IT-сыныптар" жобасы аясында оқушылар сарайы ғимаратында (қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы) ашылды.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ресурстық орталықтың жұмысымен танысып, оқушылармен сұқбаттасты.
"IT IMAQORDA" ресурстық орталығы "ARTIMAQ" 3D-сурет салу секциясы, "ROBOIMAQ" спорттық робототехника секциясы, lego-конструкцияларды бастапқы техникалық модельдеу және құрастыру секциясы, "MEDIAIMAQ - PUBLIC KZO" телесудиясы, "SAZIMAQ" мүсін секциясы, 3D-LABIMAQ зертханасы, "IQIMAQ" өзін-өзі тану кабинеті, 3D-модельдеу және "SAULETIMAQ" құмды анимация секциясы сияқты 12 оқу бағытын қамтиды.
Аймақ басшысы балаларға сенсорлық панель сыйға тартты.
Аталмыш секциялардың оқушылары республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, Алматы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының "Менің арманымдағы үй" макеттер байқауында бірқатар номинациялар бойынша өнерлі жеткіншектер жеңімпаз болып, 3D-модельдеу секциясының қатысушылары Академия гранттарының иегерлері атанды.
Естеріңізге сала кетейік, IT-технологияларды қолдану арқылы балаларды оқытуда қолжетімділікті арттыру мақсатында аймақта 13 IT-сынып жұмыс істейді, онда 650 бала тегін оқиды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында "IT-IMAQORDA" балалар технопаркі ашылды.
Айта кету керек, өңірде мектеп жасындағы балалардың 84 пайызы қосымша оқытумен қамтылған.