Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадан Қарағандыға дейінгі тас жол жабылды

Қызылордадан Қарағандыға дейінгі тас жол жабылды

Қызылордадан Қарағанды облысына дейінгі аралықта жол жабылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Көлік құралдарының қозғалысына шектеу 29 қаңтар сағат 19.00-ден басталды. Екі облыс аралығындағы жолдың жабылуына ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. Нақтырақ айтсақ, жолдың жабылуына қар басу мен боран соғу себеп болып отыр.
«Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолының 12-216 шақырымы аралығына барлық көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынған. Бұл Қызылорда қаласынан бастап Қарағанды облысының шекарасы дейінгі аралықты қамтиды», - деп хабарлайды Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Осыған орай, «Қазавтожол» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалы аталмыш бағытта көлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылдады.
30 қаңтар 2019 ж. 585 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области