Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: 30-дан астам автокөлік қар құрсауынан шығарылды

Қызылорда: 30-дан астам автокөлік қар құрсауынан шығарылды

Қызылордалық полицейлер боранда қалып қойған 30-дан астам автокөліктің жүргізушілері мен жолаушыларын қар құрсауынан құтқарды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қызылорда-Павлодар-Успенко» республикалық маңызы бар тас жолының 12 шақырымында департаменттің ЖПҚБ патрульдік-полиция ротасының қызметкерлері Қайрат Ахметов, Нұрбек Алтыбаев және Мақсат Нармановқа сағат 20-40 шамасында Қызылорда қаласынан келе жатқан «Тойота-Камри» автокөлігі тоқтап, жүргізушісі «Астана-Қызылорда» бағытындағы рейстік автобус кешігіп жатқандығын атап көрсеткен.
Полиция қызметкерлері дереу сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, республикалық тас жолының 25 шақырымынан бастап ұялы телефон байланысы жоқтығын ескеріп, кезекші бөліміне хабарласып жолға шыққан.
Аралау барысында, аталған тас жолдың 198 шақырымында жолда боран болып, жолдың қар құрсауымен жабылғанын байқаған соң, сол жерде Төтенше жағдайлар департаментінің «Камаз» автокөлігімен бірлескен түрде тас жолды аралау жұмыстарын жүргізген.
Нәтижесінде, тас жолдың 205 шақырымынан бастап, Қарағанды облысының аумағындағы 225 шақырымы аралығында тұрып қалған «Астана-Қызылорда» бағытындағы рейстік автобусы 18 жолаушысымен, одан бөлек 5 кіші сыйымдылықты автобус, 11 жүк автокөлігі, 15 жеңіл автокөлігінің жолаушылары мен жүргізушілеріне көмек көрсетіліп, «КазАвтоЖол», Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп Қызылорда қаласына жеткізілді.


30 қаңтар 2019 ж. 438 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области