Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда компрессорлық станция іске қосылды

Қазалыда компрессорлық станция іске қосылды

Бүгін Қазалы ауданындағы Ақсуат ауылында «Қорқыт Ата» компрессорлық станциясы іске қосылды деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға аудан әкімі М.Ергешбаев, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары Мұхатай Шаңбатыров, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаев қатысты. Қонақтар «Қорқыт Ата» компрессорлық станциясының ішкі құрылымын аралап, жұмысымен танысты.
Айта кетейік, Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар - "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Елбасының жасаған тікелей қамқорлығымен, аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асырылуда.

30 қаңтар 2019 ж. 506 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области