Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 31 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Сіздің шешімді тез қабылдай алатындығыңыз және тапқырлығыңызға жұрт қызыға қарайды. Бүгін сіз мәселені тез әрі, нақты шеше аласыз. Дегенмен жүйкеңізге көп салмақ салмаңыз.

Торпақ
Өзгелермен әңгімелесу арқылы қызықты ақпаратқа қанық боласыз. Жаныңыздағы жандардың не қалайтындығына мән беріңіз. Сонда ғана олардың сеніміне кіре аласыз. Бүгінгі күн жолға шығуға және сауда жасауға өте қолайлы.

Егіздер
Бүгінгі күн сіз үшін тыныштықта өтеді. Ұйқының дұрыс болмауынан қалжырап жүресіз. Күннің екінші жартысында сәл де болса жинақталасыз. Шығармашылыққа деген құштарлығыңыз күш-қуатыңыздың қайта қалпына келуіне көмектесетін болады.

Шаян
Бүгінгі күн ішкі ойыңыз жақсы жұмыс жасайды. Сондықтан ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Бүгін қонаққа баруға және қонақ шақыруға қолайлы күн. Сондай-ақ үйге қомақты дүние алуға және балаларға сыйлық жасауға да болады.

Арыстан
Бұл күн сауда-саттық, оның ішінде техникалық бұйымдар сатып алуға өте ыңғайлы күн. Күніңіз оңынан туып, барлық ісіңіз алға басады. Шешендік өнеріңіз жұмысыңыздың жүруіне септігін тигізеді. Бүгін достарыңызбен кездесіп, мол ақпарат аласыз.

Бикеш
Бүгін сіздің мейірімділігіңізді пайдаланып кеткісі келіп тұратындар көп. Біреуге қарыз беруден аулақ болыңыз. Сонымен қатар қайырымдылық жасаудан да, басқаларға сенім артудан да сақтаныңыз.

Таразы
Бүгінгі күнді өзіңізге арнаңыз. Дене бітіміңізге қарап, шынығып жүруді ұмытпаңыз. Басы бос «таразылар» өз жұбыңызды таңдайтын уақыт болды. Шешім қабылдайтын кезде ақылға қонымдысын басшылыққа алыңыз.

Сарышаян
Бүгінгі күн кез келген мәселені шешуге арналғандай. Жақсы адамдармен байланыс орнатасыз. Бүгін базар аралап, бет әрлеуге де қолайлы күн. Сондай-ақ уақытты қызықты өткізіп, романтикалық кездесу ұйымдастыруға да болады.

Мерген
Жұмыс орнын ауыстырып, жаңа жұмыс берушілермен келісім шарт жасауға ыңғайлы күн. Хороший день для заключения контрактов, смены места работы. Жұмыс жасау кезінде дипломаттық қарым-қатынасты дұрыс сақтауды естен шығармағаныңыз абзал.

Тауешкі
Суықтың аяқтан өтетінін ескерер болсақ, бүгін жылы аяқ киім сатып алыңыз. Бүгін ерекше құлпырып, екінші жартыңыздың өзіңізге деген сезімін оятасыз.

Суқұйғыш
Романтикалық кездесу ұйымдастыруға өте қолайлы күн. Жұбыңызбен қарым-қатынасыңыз, бір-біріңізге деген сенімдеріңіз арта түседі. Сонымен қатар көптен бері шешімін таппай жүрген сұрақ өз жауабын табатын болады.

Балықтар
Бүгін жаңа таныстықтар орын алады. Сондай-ақ ескі таныстарыңызбен қарым-қатынасты нығайта түсетін боласыз. Бұл күн ұсақ-түйек заттар алуға қолайлы. Жұмыста барлығы сіз ойлағандай, қаржы мәселесі де өз шешімін табады. Мол пайдасын әкелер келісім шартқа отырасыз.

Дайындаған Динара МАХАНОВА
31 қаңтар 2019 ж. 513 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области