Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда 1122,6 гектарды құрайтын 15 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Сырдарияда 1122,6 гектарды құрайтын 15 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Жерді тиімді пайдалану мақсатында өткен жылы аудан бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінен барлығы 14 тұлғадан жалпы көлемі – 1122,6 гектарды құрайтын 15 жер учаскесі аудан әкімдігінің қаулысымен мемлекет меншігіне қайтарылған.
«Ауыл шаруашылық жерлерін нарықтық айналымға енгізу бойынша 2018 жылы сауда-саттық (аукцион, конкурс) арқылы жалпы көлемі – 11 000 гектарды құрайтын жер учаскесі ауданның босалқы жерлері санатынан ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жоспарланған болатын. Осыған сәйкес, өткен жылы 4 сауда-саттық (аукцион) өткізіліп, аудан халқының көпшілігінің өтініші бойынша жалпы көлемі – 12 085 гектар жер учаскесі 20 жылға жалдау құқығымен сатылып, ауылшаруашылығы айналымына енгізілді. 2018 жылы өткізілген сауда-саттық нәтижесінде аудандық бюджетке 35 млн.430 мың қаржы түсті, – деді аудан әкімі.
31 қаңтар 2019 ж. 434 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области