Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл Қазалыда 65 жас маман үйлі болады

Биыл Қазалыда 65 жас маман үйлі болады

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді.


Онда әкім Қазалы ауданында 842 адам тұрғын үйге мұқтаж екендігін, олардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында тиісті жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Айталық, өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бюджеттен 451 млн. теңге бөлініп, Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағында 18 пәтерлік 6 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Жобаның жалпы құны 1,6 млрд. теңге. 2019 жылға осы тұрғын үйлердің құрылыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен тағы 457 млн. теңге берілді.
Сонымен қатар, кент пен қала аралығынан 2 қабатты 12 тұрғын үй құрылысын салу үшін құжаттарын әзірлеп, қаржыландыруға республикалық бюджетке ұсынған.
«Осы жұмыстар толық аяқталғанда - кезекте тұрған 252 адамды тұрғын үймен қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар. Бұдан бөлек, өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 50 маман тұрғын үй сатып алды. Бұған бюджеттен 182,0 млн. теңге қаржы бердік.Биылғы жылға осы бағдарлама бойынша 247 млн. теңге қаржы қарап отырмыз. Амандық болса, биыл 65 жас маман үйлі болады. Жоғарыда айтқанымдай ауданда жер учаскесін алып, жаңадан тұрғын үй салып жатқан азаматтар да бар. Мысалы, өткен жылы 245 азамат жаңадан тұрғын үй салған», - деді аудан әкімі.
01 ақпан 2019 ж. 523 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области