Қазалы ауданында биыл 400 бас мал экспортталады
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді."Мақтанышпен айта кететін жаңалық, ауданнан тұңғыш рет Біріккен Араб Әмірліктеріне 29 бас түйе, Өзбекстан Республикасына 100 бас МІҚ малы экспортталды. Ал, биыл 400 бас ірі қара малын экспорттау жоспары бар. Өткен жылы, «Бақыт» шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан 29 бас ірі қара малын әкелді. Биыл шаруашылықтар тарапынан шет мемлекеттен асыл тұқымды 400 бас мал алынады деп отырмыз", - деді М.Ергешбаев.
Сонымен қатар, төрт түліктің барлық түрінде өсім болды. Қазір аудандағы мал басының басым бөлігі, яғни 67 пайызы жеке тұлғаларда, 4 пайызы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, 29 пайызы шаруа қожалықтарының үлесінде.