Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АТА КӘСІБІ – БАЛА НӘСІБІ

АТА КӘСІБІ – БАЛА НӘСІБІ

Еңбекті қашаннан ұлықтап өскен халықтың ұрпағымыз. «Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озады» дегенді бұрынғылар текке айтпаса керек. Бұл күнде кәсібінің көкжиегін кеңейтіп, азын-аулақ мал басы санын көбейтіп, тіршілігін түзетіп жүрген жандар сырдың күрең топырағында да аз емес. Жалпы, ықылым заманнан ұлан-ғайыр даланы жаз – жайлау, қыс-қыстау етуге дағдыланған қазақтың мал шаруашылығын ата кәсібі деуге толық негіз бар.
Бұл тұрғыдан алып қарағанда Сыр бойын пана еткен жұрттың мал шаруашылығын дамытуға деген ықыласы сан ғасырлар бойы қалыптасқан.
Ал, бұл күндері замана ағымы ырық бермей, технологияның қарыштаған дәуірінде Қазалы ауданында ата кәсіптің қаншалықты дамып жатқанына тоқталып өтуді жөн санадық.
Жалпы, Қазалы аудан бойынша ауыл шаруа¬шылығы өнімі 2824,3 миллион теңгеге жетсе, оның ішінде мал шаруашылығы 2794,5 миллион теңгені құрапты.
Сондай-ақ, өңірде барлық мал басының 3 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесінде болса, 27,5 пайызы шаруа қожалықтардың еншісінде. Мұнымен қоса, 70,4 пайызы жеке жұртшы¬лықтың қолында деуге болады.
Енді осыны нақтырақ, тарқатып айтсақ. Қойнауы құтты, қазыналы Қазалы өңірінде қазіргі таңда 38981 бас сиыр, 63162 бас қой, 27064 бас жылқы болса, түліктің төресі саналатын түйе 2000 басқа жеткен.
Ағымдағы жылдың 6 айында сүт өндірісі 7551,1 тоннаны құраса, 2618,5 тонна ет өндірілген.
Осы ретте, аудан экономикасының өркендеп, мал басының артуына, оларды асыл тұқымды етуге түрлі шаруа қожалықтарының еңбегі зор деуге болады.
Мәселен, өлкемізде жылқы малын өсіретін 4 асыл тұқымды шаруа қожалығы өнімді жұмыс істеп келеді. Айта кетерлігі, «Шекер», «Жеңіс», «Аржиков Б», «Атамекен-2» шаруа қожалықтары асыл тұқымды қазанаттарды күтіп-баптап отыр.
Мал басының көбейіп, қажырлы жұмысты өркендету үшін бүгінгі таңда үкімет тарапынан көптеген қолдаулар, жеңілдетілген несилер беріліп келеді.
«Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында Қазалы несие КС арқылы, Бірлік ауылдық округінен «Шакизада» шаруа қожалығы 6 миллион теңге несиеге 33 бас аналық сиыр, 2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алған. Сонымен қатар, Шәкен, Ғ.Мұратбаев, Сарбұлақ, Алға, Басықара ауылдық округтері мен Әйтеке би кентіндегі бірқатар шаруа қожалықтары түрлі жеңілдетілген несиелердің жемісін көрген. Қандай бір жанданған істің айналасындағы адамдарды жұмыспен қамтып, өзінің шарапатын тигізетіні анық. Жоғарыда аталған шаруа қожалықтары тұрғындарға қызмет беріп жұмыспен қамтып отырғаны көңілге қуаныш ұялататыны жасырын емес.

Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ,
Қазалы ауданы

31 тамыз 2018 ж. 839 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области