Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Пәтер жалдау қымбат болғандықтан осында көшіп келді». Астанада өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасы туралы

«Пәтер жалдау қымбат болғандықтан осында көшіп келді». Астанада өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасы туралы

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек және Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев қайғылы оқиға орнына барды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Бүгін Астана қаласының әкімдігінде «Көктал-1» тұрғын алабындағы өртте бес баланың қайғылы қаза болуына байланысты шұғыл кеңес өтті. Жиыннан соң Бақыт Сұлтанов «Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбекпен бірге оқиға орнына барып, отбасына көңіл айтты.
«Олар көптен бері осында тұрады. Бұрын қалада тұрған, бірақ пәтер жалдау қымбат болғандықтан осында көшіп келді. Ата-аналары жұмыс істеп, барлығы жақсы болды. Әйелі әрдайым кешке үйде болды», – дейді көршілерінің бірі.
Қала басшысы аудан әкіміне қажетті барлық материалдық, медициналық көмек көрсетуді және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесуді тапсырды.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Қызылодадағы Наурыз саяжайында да орын алып, онда 3 бала қайтыс болған еді.



04 ақпан 2019 ж. 467 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области