Жаңақорғанда түнде сот отырысы өтті
Жаңақорған аудандық сотында «Түнгі сот» жобасы аясында азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат С. жол ережесін бұзып, өзінің басқаруындағы автокөлігімен Сапарбеков көшесінің бойындағы тұрғын үйдің қоршауына соққан. Көліктің рөліне ие бола алмай қалған айыпталушы жәбірленушіге мүліктік зиян келтірген.
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетіндігін айтты. Ол келтірілген залалды толық өтеген. Сот барысында жәбірленуші құқық бұзушыға қояр талап-тілектері жоқ екенін айтқан.
Аудандық соттың қаулысымен азамат С. кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш айыппұл мөлшерін 30 пайызға қысқартып, 33670 теңге айыппұл салынды.