Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЖ департаментінде жедел кеңес өтті

ҚАЖ департаментінде жедел кеңес өтті

ҚАЖ департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Қызылорда облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкері, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру топтарының қызметкерлері, РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры, ЗК-169/4, 5 мекемелерінің бастықтары, осы мекемелердің мекеме бастықтарының жалпы сұрақтары жөніндегі орынбасарлары, ЗК-169/4,5 мекемелерінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімше (топ) қызметкерлері, ЗК-169/4,5 мекемелерінің сотталғандарын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған ЖК, ЖШС кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Жедел кеңес отырысын ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
Өңіріміздегі кәсіпкерлік субъектілермен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, ЗК-169/4 мекемесінің 50 сотталғаны ЖШС «Алтайтрансойл», ЖШС «Интергосстрой», ЖШС «Полимерпродукт», ЖШС «ПСК-Саулет» жұмысқа орналастырылған.
ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы әділет майоры Е.Сон өз баяндамасында мекеме аумағында кәсіпкерлікті ашып жүргізу жұмыстарына тоқталып кетті.
Кеңеске қатысушылар, ЗК-169/4,5 мекемелерінің сотталғандарын жұмысқа орналастырып отырған ЖК, ЖШС кәсіпкерліктер басшылары өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады.
06 ақпан 2019 ж. 485 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области