Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласынан 12 мың тонна күріш экспортталды

Қызылорда қаласынан 12 мың тонна күріш экспортталды

Қызылорда қаласында 2018 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 6,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға өсті. Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық алдындағы есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, қаладағы 390 шаруа қожалықтарының бірігуімен 27 ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативтері құрылған.
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерін әртараптандыру мақсатында, 7 мың 969 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріштің әр гектарынан 51 центнерден өнім алынып, 19 мың 142 тонна күріш салысы жиналды. 2018 жылы қаланың ауыл шаруашылығы саласына қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан 300 млн теңгеге жуық субсидиялар берілді. Өткен жылы Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстанға 12 мың тонна күріш, Қытай Халық Республикасына 50 тонна өсімдік майы экспортталды», - деді қала басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қаржы институттары арқылы 16 шаруа қожалығы 260 млн. теңгеге жеңілдетілген несиемен 1 мың 670 бас мал сатып алды. Өз қаражаты есебінен 29 жеке шаруа қожалығы 118 бас мал алып өсіруде.

06 ақпан 2019 ж. 486 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области