8 ақпан күні ел өңірлерінде аяз сақталады
8 ақпан күні фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша құбылмалы күн райы күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста, күндіз солтүстікте жауын-шашын болады. Кей өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді, бұрқасын байқалады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, түнде жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.
Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Қостанай облысының жекелеген аумақтарын тұман басады.
Түркістан, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының жекелеген аумақтарында тұман болады.
Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман байқалады.
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.